«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ILAC толық құқылы дәрежесі туралы куәгерлік ететін, ILAC өзара тану туралы келісімнің қол қоюшысы бола отырып, «Өлшем нәтижелерін бақылау бойынша ILAC саясаты» ILAC-Р 10:2013 басшылыққа алынатын құжаттардың талаптарына сәйкес әзірлеген «Өлшем нәтижелерін бақылау саласындағы саясат» П 01-07.04 қабылдады.

Осы саясатты акредиттелген зертханалар қолдануы тиіс, сондай-ақ сынақ, салыстырып тексеру және/немесе калибрлеу пайдаланылатын сәйкестікті бағалау бойынша кез келген басқа қызмет үшін қолданылуы мүмкін. 

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) шамалар бірлігі мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болсаған жағдайда – басқа елдердің шама бірлігі ұлттық эталондарынан шама бірлігі мөлшерлерін алу жолымен өлшемдердің бақылануын қамтамасыз етуі тиіс.

Сынақ және калибрлеу зертханалары үшін метрологиялық бақылануын қамтамасыз етуге талап сондай-ақ, ИСО/ХЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандартында қамтылған.

Халықаралық құжаттарда метрологиялық бақылау тек калибрленген өлшем құралдары арқылы ғана қамтамасыз етіледі.

Анықтау бойынша калибрлеуден салыстырып тексерудің қағидаттық айырмасы, салыстырып тексеру белгіленген талаптарға өлшем құралдарының сәйкестігін анықтайды және растайды, ал калибрлеу кезінде өлшем құралдары метрологиялық сипаттамаларының нақты мәндері анықталады және расталады.

Сынақ және калибрлеу зертханалары үшін калибрлеу, өлшем құралы тек қолдану үшін ғана жарамды деп регламенттейтін, салыстырып тексеру өлшем құралдарынан айырмасы, нақты өлшем нәтижелеріне негізделген, өлшем нәтижелерінің неғұрлым дәл өлшем нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде пайдаланушы оған қандай  кезеңділікпен, қандай ауқымда және қандай анықсыздығымен калибрлеу қажет екенін өзі белгілейді. Сондай-ақ өлшем құралдарының пайдаланушысы өз қажеттілігінен шыға отырып, өзі кәсіпорында белгіленген рәсімге сәйкес кезеңділік калибрлеуді жүргізе алады. Өлшем құралдарының көрсеткіштеріне қатысты күмән болған жағдайда, пайдаланушы оған калибрлеу жүргізіп беру үшін, аккредиттелген калибрлеу зертханаларына жүгіне алады.