Аккредиттеу шешімдерді қабылдау және тәуекелдерді басқару үшін маңызды құрал болып табылады. Ұйымдар аккредиттелген және сәйкесінше құзыретті қызметтерді жеткізушіні таңдау арқылы уақытын әрі қаржысын үнемдей алады. Аккредиттеу субъектілерімен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес орындалған дәл өлшемдер мен сынақтар ақаулы өнімді алу мүмкіндігін төмендетеді. Аккредиттеу халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен өнімді шетелге шығарған кезде бизнестің шығындарын басқа мемлекетте қайта сынақтарды жүргізу қажеттілігін азайту немесе жою есебінен азайтады. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау қызметтерін пайдалануы өзі өндіретін өнімнің (қызметтің) сапасын және соған сәйкес бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге септігін тигізеді.
Аккредиттеу тұтынушыларды өнім, қызмет және өлшемдердің дәлдігі сәйкестігін растау бойынша қызметтердің сәйкес сапасына кепіл береді.
Аккредиттеу – өнім және қызметтің сапасына және қауіпсіздігіне қоғамдық сенімді қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибеде мойындалған құрал болып саналады. Аккредиттеу құзыреттілікті бағалау бойынша қызметтерді аккредиттеу жөніндегі органға тапсыру арқылы реттеуші органдардың жұмысын қолдайтын тиімді құрал болып табылады.
Аккредиттеу ұйымның белгілі бір салада сәйкестікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға құзыреттілігінің дәлелі болып табылады. Аккредиттеу сәйкестікті бағалау нәтижелеріне заңды күш береді, себебі ол заңнамалық негізде жүзеге асырылады. Аккредиттелген органдар халықаралық келісімдер арқылы өз деректерінің шетелде қолданылуын жеңілдететін мойындаудың халықаралық нысанына ие болады. Аккредиттеу үдерісі дұрыс басқарудың құралы болып табылатын тәртіпті орнатады. Сонымен қатар аккредиттеу нарықта сенімді беделге ие болып, оны тұрақты негізде қолдауды көздейтін көптеген жасырын шығындарды жояды.