Жалпы ақпарат


  • сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
  • сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);
  • юридические лица, осуществляющие метрологическую аттестацию методик выполнения измерений. 
Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестігін бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мойындалады. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдіктері олардың қызметінің нәтижелері мойындалу үшін Қазақстан Республикасының «Сәкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес аккредиттеуден өтеді.
  1. аккредиттеу белгісін пайдалану; 
  2. аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе тарылту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының әрекет етуін тоқтату туралы өтінішпен жүгіну; 
  3. аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлері әрекетіне қатысты шағымдану; 
  4. аккредиттеу сұрақтары бойынша даулар туған жағдайда сотқа жүгіну.
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау; 
  2. жұмыстарды аккредиттеу саласы шегінде жүзеге асыру; 
  3. аккредиттеу аттестатына аккредиттеу саласының шегінде сілтеме жасау; 
  4. аккредиттеу жөніндегі органға бекітілген аккредиттеу саласында қызметінің аяқталғаны немесе болғалы жатқан таратылу туралы хабарлау; 
  5. анықталған аккредиттеу критерийлерінің сәйкессіздіктерін аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен көрсетілген мерзімдерде жою; 
  6. инспекциялық тексерісті жүзеге асыратын тұлғалардың үй-жайларға, жабдықтарға, ақпаратқа кіруін қамтамасыз етіп, оларға қажетті басқа қолдауды көрсету; 
  7. өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерінің салыстырма сынақтары мен салғастыруларына қатысу; 
  8. аккредиттеу аттестатының әрекет етуі аяқталған немесе оны кері қайтарып алған жағдайда аккредиттеу аттестатын Заңмен белгіленген мерзімде қайтару; 
  9. аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған, әрекет етуі аяқталған, жойылған, тоқтата тұрылған немесе одан айырған жағдайда аккредиттелгеніне сілтеме жасауды тоқтату.
  1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнімді (қызметтерді) өндірушілерден (орындаушылар), өнімді (қызметтерді) жеткізушілер және тұтынушылардан тәуелсіз болуы керек. 
  2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша Заңға сәйкес аккредиттеледі. 
  3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау үдерісінің әділдігі және шынайылығына әсер ететін кеңес беру қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ.
  1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өзінің қызметін Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді. 
  2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнімді (қызметтерді) өндірушілерден (орындаушылар), өнімді (қызметтерді) жеткізушілер және тұтынушылардан тәуелсіз болуы керек. 
  3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) өлшемдердің қадағалануын Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес шама бірліктердің мемлекеттік эталондарынан, олар болмаған жағдайда – басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы қамтамасыз етуі керек.

Кері қайту