1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Министрінің 22.08.08 жылғы №322 бұйрығының (бұдан әрі - ҚР ИСМ Министрінің бұйрығы) 1-қосымшасының нысанына сәйкес аккредиттелу үшін аккредиттеу жөніндегі органға (АО) төмендегіні қамтитын өтінімді ұсынады (А қосымшасы):

  • өтініш беруші-заңды тұлғаның атауы;
  • сәйкестігі аккредиттелетін нормативтік құжаттың белгісі;
  • өтініш беруші қызметінің бағыты немесе сынауға берілетін өнім және өлшем түрлері;
  • өтініш берушінің заңды мәртебесі: атауы, құрылтайшылары, заңды тұлғаның басқарушы органы, орналасуы, телефоны, факсы, электронды поштасының мекенжайы, веб-сайты, есеп айырысу шоты, СТН-ы; 
  • өтініш беруші ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты; 
  • аккредиттеу жөніндегі органмен байланыс жасауға жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі;
  • қайта аккредиттеуден өту кезінде аттестаттың сериясы және нөмірі; 
  • өтініш беруші ұйым басшысының қолтаңбасы және мөрімен куәландырылады. 

2. Өтініш беруші өтінімге ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес материалдар жиынтығын және нормативтік құжаттармен көзделген сәйкестігі аккредиттелетін қосымша басқа құжаттарды қоса береді, сондай-ақ аккредиттеу саласы және зертхана (орталық) төлқұжаты электронды тасығышта ұсынылады.

3.  Аккредиттеу материалдарын кеңейту және өзектендіруге берілетін өтінімдер және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін өтінімдер ҚР ИСМ Министрінің бұйрығына сәйкес құжаттарды қоса беріп, белгіленген нысанда ресімделеді..

Ескертпе: Өтінімге сараптама және шарт жасасу үшін аккредиттеу материалдарының бір жиынтығы қоса беріледі.

1. Өтінімдер және құжаттар аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін АО-ға ілеспе хатпен жолданады.  
2. Ілеспе хат төмендегідей ресімделеді: 
  • нысан бойынша өтініш берушінің фирмалық бланкінде (А қосымшасы); 
  • сәйкестігі аккредиттелетін нормативтік құжатты көрсету;
  • өтініш беруші ұйымның деректемелері; 
  • өтініш беруші ұйым басшысының қолтаңбасымен куәландырылады. 
 3. Өтініш беруші ілеспе хатта аккредиттеу талаптарын және АО алдындағы міндеттемелерін орындауға келісімін білдіреді.
     Аккредиттеу өтінімдері құжаттар жиынтығымен бірге Хатшылыққа түсіп, өтінім бойынша келіп түскен құжаттардың бар-жоғы, ұсынылған аккредиттеу материалдарының жиынтықтылығы және ҚР ИСМ Министрінің бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес дұрыс ресімделуі, сондай-ақ құжаттардың электронды нұсқаларының (аккредиттеу саласы және төлқұжат) бар болуы тексеріледі.
     Өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе құжаттар толық көлемде ұсынылмағанда, АО хатшылығы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себебін көрсетіп, орган басшылығының қолтаңбасын қойдырып, өтінімді өтініш берушіге қайтарады.
Өтініш беруші Аккредиттеу жөніндегі органның Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссиясына төмендегіні қамтитын аккредиттеу материалдарының жиынтығын ұсынады: 
  • өтінім және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау кезеңінде аккредиттеу жөніндегі органмен берілген тіркеу нөмірі бар өтінім;.
  • мәлімделген аккредиттеу саласы;
  • төлқұжат (сынақ зертханалары (орталықтары), өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін);
  • сәйкестікті бағалау бойынша жұмысты орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін);
  • Сапа бойынша нұсқау;
  • Ереже;
  • өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың (жарғы, филиал туралы ереже, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі, филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка) нотариалды куаландырылған көшірмелері.
Өтініш беруші мәлімдеген аккредиттеу саласына байланысты аккредиттеуге қажетті нормативтік құжаттарға сәйкес басқа құжаттарды ұсынады. 
Ескертпе:
  1. Аккредиттеу саласы электронды тасығышта ұсынылады.
  2. Аккредиттеу материалдарының жиынтығы ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес қорытынды зерттеу үшін және Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға тапсыру кезінде екі данада дайындалады. 
нысанды жүктеу

Кері қайту