# Атауы Құжаттар
1 Аккредиттеуге өтінім нысандары     Сілтеме
2 Өнімнің сәйкестігін растау бойынша органды аккредиттеу саласының нысаны
Сілтеме
3 Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша органды аккредиттеу саласының нысаны
Сілтеме
Персоналдың СРО аккредиттеу саласының нысаны      Сілтеме
Сынақ зертханасын (орталығын) аккредиттеу саласының нысаны    Сілтеме
Салыстырып тексеру (калибрлеу) зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу саласының нысаны (03.06.2010 ж. өзгерістермен)
Сілтеме
Сынақ зертханасы (орталығы) төлқұжатының нысаны
Сілтеме
Салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) төлқұжатының нысаны (03.06.2010 ж. өзгерістермен)
Сілтеме
Калибрлеу зертханасы (орталығы) төлқұжатының нысаны (03.06.2010 ж. өзгерістермен)
Сілтеме
10  Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі төлқұжатының нысаны
Сілтеме
11  Персонал туралы мәліметтер нысаны
Сілтеме
12   Аккредиттеу саласын кеңейтуге өтінімдер нысаны    Сілтеме
13   СРО және СЗ (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу материалдарын өзектендіру бойынша өтінім нысаны    Сілтеме
14  Өзектендіруге өтінім нысандары    Жүктеу


1. Өтінім беруші Қазақстан Республикаксы Индустрия және сауда министрінің 22.08.08 жылғы № 322 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ИСМ министрінің бұйрығы1-қосымша нысаны бойынша аккредиттеуге өтінімді аккредиттеу органына (АО) ұсынады:
  • заңды тұлға өтінім берушісінің атауы; 
  • сәйкестікке аккредиттелетін нормативтік құжаттың белгіленуі; 
  • өтінім беруші қызметінің бағыты немесе сынақтарға өтінім етілетін өнім және өлшем түрлері;
  • өтінім берушінің заңды дәрежесі: атауы, құрылтайшылар, заңды тұлғаның басқарушы органы, орналасқан жері, телефон, факс, жлектрондық поштасының мекенжайы, веб-сайты, есептік шоты, СТН; 
  • өтінім беруші-ұйымның басшысының тегі, аты, әкесінің аты 
  • аккредиттеу жөніндегі органмен байланыс үшін жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны;. 
  • оны қайта аккредиттеу кезінде аккредиттеу аттестатының сериясы мен нөмірі; 
  • өтінім беруші-ұйымның басшысының қолы және мөрімен расталады. 
2. Өтінім беруші өтінімге «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес аккредиттеу материалдарының жинағын, және қосымша сәйкестікке аккредиттелетін нормативтік құжаттармен қарастырылған басқа құжаттар қоса беріледі, сондай-ақ аккредиттеу саласы және электрондық тасығышта зертхананың (орталықтың) төлқұжаты ұсынылады.
3. Аккредиттеу материаплдарын кеңейтуге және өзектендіруге өтінімдер және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу ҚР ИСМ Министрінің бұйрығына сәйкес құжаттарды қоса берумен ресімделеді.

Ескерту:Өтінімге шартты сараптау және жасау үшін аккредиттеу материалдарының бір жинағы қоса беріледі..
  • 1. Өтінімдер мен құжаттар АО-ға аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізу үшін ілеспе хатпен жіберіледі. 
  • 2. Ілеспе хат:: 
  • 1) өтінім берушінің фирмалық бланкісінде нысан бойынша (А қосымшасы); 
  • 2) сәйкестікке аккредиттелетін нормативтік құжатты көрсетумен; 
  • 3) өтінім беруші-ұйымның реквизиттері; 
  • 4) өтінім беруші-ұйымның басшысының қолымен расталып ресімделеді 
  • 3. Ілеспе хатта өтінім беруші АО алдындағы міндеттемелерін және аккредиттеу талаптарын орындауға келісімін көрсетеді.

Аккредиттеуге өтінімдер құжаттар жинағымен Хатшылыққа түседі, онда өтінім бойынша түскен құжаттардың болуы, ұсынылған аккредиттеу материалдарының жинақтығы және ҚР ИСМ министрінің бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес олардың ресімделуінің дұрыстығы, сондай-ақ электрондық нұсқадағы құжаттардың (аккредиттеу саласы және төлқұжат) болуы тексеріледі. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келмесе, не құжаттар толық көлемде ұсынылмаса, АО орган басшысының қолымен оның келіп түскен күнінен бастап санамаланатын жұмыс бес күн ішінде қайтару себебін көрсетумен өтінімді қайтарады.
Өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі органға келесілер қамтылған аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға аккредиттеу материалдарының жинағын ұсынады:
  1. ұсынылған құжаттар және өтінімді қабылдау, қарау сатысында берілген аккредиттеу жөніндегі органның кіріс тіркеу нөмірімен өтінімді;
  2. өтінілетін аккредиттеу саласы; 
  3. төлқұжат (сынақ зертхапналары (орталықтары), өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеуді және өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін); 
  4. сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін); 
  5. Сапа бойынша басшылық; 
  6. Ереже;
  7. Өтінім берушінің заңды дәрежесін белгілейтін құжаттардың (жарғы, филиал туралы ереже, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, филиалды есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка) нотариалды расталған көшірмелері 
Өтінім етілген аккредиттеу саласына байланысты өтінім беруші нормативтік құжаттарға сәйкес аккредиттеу үшін қажетті өзге құжаттарды ұсынады

Ескерту:1. Аккредиттеу саласы электрондық тасығышта ұсынылады. 2. Аккредиттеу материалдарының кешені нақты қарап тексеруге екі данада дайындалады және аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға тапсыру кезінде «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР заңына сәйкес

«ҰАО» ЖШС қызметін жетілдіру және ҚР СТ ИСО/МЭК 17043-2012 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар» ұлттық стандартын енгізу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес біліктілікті тексеру жөніндегі провайдерлер үшін өтінім нысаны бекітілсін. 
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті тексеру провайдерлерінің аккредиттеу саласы нысанын бекітілсін. 
  3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес біліктілікті тексеру провайдерлері төлқұжатының нысаны бекітілсін.
  4. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 430 бұйрығының 12 және 13-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі шарттар жасалсын
  5. Құнын есептеу 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 222-од ТРМК бұйрығымен бекітілген аккредиттеу алдындағы және , аккредиттеуден кейінгі кезеңдерде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу бойынша жұмыстарды атқаруға уақыт нормаларының (бұдан әрі – уақыт нормалары) негізінде, уақыт нормаларының 3.5 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын. 
  6. Тіркеу және мониторинг басқармасы «ҰАО» ЖШС сайтында осы бұйрықты орналастырсын. 
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары С.Ш. Құрманғалиевке жүктелсін
  8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
          

Құжаттар

7a1bbc87b6bf7edb9980643fbb7fc7c1 Размер: 3.6 Мб
Кері қайту