АККРЕДИТТЕУ (лат. accredo – сенім білдіру) – жалпы айтқанда, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасының тиісті талаптарға сәйкестігін ресми растауға қол жеткізетін процесс. Аккредиттеу, әдетте, тұтынушының жеткілікті құзіреттілігі жоқ кәсіби қызмет көрсету саласындағы сапаны бағалау үшін кең таралған.
          Сәйкестікті бағалау тұрғысынан алғанда аккредиттеу сынақ, калибрлеу және салыстырып тексеру зертханаларына,сертификаттау органдары мен инспекция органдарына, жалпы алғанда сәйкестікті бағалау органдарына қолданылады.
          СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ (бұдан әрі – аккредиттеу) - аккредиттеу жөніндегі орган (сәйкестікті бағалау бойынша органнның) өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.
          Зертхананы, сертификаттау жөніндегі орган немесе инспекция органын аккредиттеу дегеніміз техникалық қызметкерлердің қандай да бір қызмет түрін атқаруға біліктілігін тексеру,осы қызметті басқару жүйесін бағалау, сонымен қатар қажетті құрылғылар және әдістермен қамтамасыз етілуін жеткілікті деңгейде қатаң тексеруді білдіреді.