Категория:

9 маусым – Дүниежүзілік аккредиттеу күні

2017 жылғы 2 маусымда Астана қаласында «Аккредиттеу: құрылыс саласы мен қала айналасы құрылымдарына сенімді қамтамасыз ету» Дүниежүзілік аккредиттеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Дүниежүзілік аккредиттеу күні 2017 жылы мердігерлерден, өндірушілерден, жобалаушылардан, сәулетшілерден, инженер құрылысшылардан бастап реттеуші органдарға дейін олардың жұмысына құрылыс индустриясы саласындағы мамандарға көмек көрсетуге аккредиттеу үрдісінің ықпалын әсер ететін мәселелерге арналған.

Аккредиттеу құрылыс объектілерінде еңбек ресурстарының қауіпсіздігін, құрылыс материалдары мен шикізаттың сапасы мен шығу тегін, ғимараттардың энергия тиімділігі, дизайн және сәулеттің сапасы, электрлік және газ желілерінің қауіпсіз орнатылуын, ғимараттар мен құрылыстардың экологиялық қауіпсіздігі мен ұзақ төзімділігін қамтамасыз ете отырып, неғұрлым ұтымды, таза неғұрлым қауіпсіз құрылыста тұтынушылардың қанағаттануына қол жеткізудің соңғы нәтижесінде құрылыс секторына көмек көрсете алады.  

Отырыс шеңберінде құрылыс саласында, құрылыс материалдарының сапасы мен қаіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ ұлттық аккредиттеу жүйесін даму перспективаларында аккредиттеудің рөлі мен мәнін қарау және талқылау жоспарланып отыр.

Отырыс қатысушыларының ішінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, құрылыс компанияларының, құрылыс саласында сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар бар.

Күні және уақыты:
Қатысушыларды тіркеу – 9:00
ашылуы – 10:00
Мекенжайы: 
Астана қаласы, А. Мәмбетов көшесі, 24 (бұрынғы Ә. Бөкейхан көшесі, 24), «Аффари» Бизнес-орталығының мәжіліс-залы (6-қабат).
Баспасөз үшін байланыстар:
Астана қаласында: +7 7172 27 05 32, ic_nca@mail.ru