Категория:

Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған, «Аккредиттеу: қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы» тақырыбына Аккредиттеу жөніндегі кезектен тыс кеңестің кеңейтілген отырысының
ҚАРАРЫ

Үстіміздегі жылғы 9 мамырда – халықаралық қауымдастық  Дүниежүзілік Аккредиттеу күнін «Аккредиттеу: қоғамдық мүддені қолдаудың  жаһандық құралы» девизімен атап өтеді.

Қоғамдық мүдде – бұл қауымдастықтың немесе осы қауымдастық өкілінің оның аман-есендігін, қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты мүддесі.

Мемлекет қоғамдық мүддені тұжырымдау және қорғау үшін қоғамда жұмыс істейтін орган болып табылады. Өз кезегінде, үкіметтік емес ұйымдар заңнамалық актілерді талқылауға, қоғамдық мүддені қозғайтын әртүрлі салаларда мемлекеттік саясатты жасауға, мониторинг және оңтайлы реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да зерттеулерді жүргізуге қатысу жолымен құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық мүддені қорғаумен айналысады.

Бұл ретте, стандартталған әдістерді қолдану, сондай-ақ  мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар көрсететін аккредиттелген сәйкестікті бағалаудың көрсетілетін қызметтерін пайдалану қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған, қойылған мақсаттарға неғұрлым дәлірек қол жеткізуге ықпал етеді.

Аккредиттеу жөніндегі кеңестің кеңейтілген кезектен тыс отырысы қатысушыларының сөз сөйлеулерін тыңдап және талқылап, Ұлттық аккредиттеу орталығы келесі іс-шараларды:

- жөнелтілім алдындағы инспекция, органикалық және «Халал» өнімді сертификаттау мәселесі бойынша орган құру жөнінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, сондай-ақ  Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасау;

-   парникті газдарды верификациялау, валидациялауды және түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша орган құру жөнінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, сондай-ақ  Энергетика министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасау;

- клиникалық емес сынақтар жүргізу кезінде ЭЫДҰ бірқатар қағидаттары мен стандарттарын Қазақстанда енгізу бойынша міндеттерді шешу мақсатында, GLR тиісті зертханалық тәжірибесінің қағидаттарын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, сондай-ақ  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасау;

- сапа менеджментін енгізген және қолдайтын, сондай-ақ кәсіпорындарда және мекемелерде үрдісті жақсартуға бағытталған кәсіпорындардың тендерлерге қатысуына рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, Қаржы министрлігімен ынтымақтастықты белсендіру;

- адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер және жануарлар әлеміне зиян келтіруге байланысты тәуекелді болдырмау мақсатында, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді Қазақстан Республикасының аумағына айналымға жол бермеу жөнінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму (ТРМК), Қаржы (МКК) және Ұлттық экономика (ТҚҚК) министрліктерімен ынтымақтастықты өзектендіру;

- халықаралық стандарттарға сәйкестікке аккредиттеу қажеттігі туралы мемлекеттік органдар мен қоғамдастықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыруды жүргізу қажет.

Келесі бағыттар бойынша Smart City саласындағы стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілсін:

1) пайдаланушылардың смартфондарында және көшедегі ақпараттық панелдерде жол ахуалын көрсету жолымен көлік жүрісін оңтайландыратын, зияткерлік көлікті жүйе (ЗКТ);

2) жалпы «географиялық төсем» функциясын атқаратын, геоақпараттық жүйе (ГАЖ);

3) электрондық полиция (ePolice) – ГАЖ картасында сол сәтте қоңырау шалған адамның орналасқан жері көрінеді және жедел шаралар қолданылады;

4) қауіпсіздіктің кіші жүйесі (Safe City), бұл электрондық полиция қызметімен өзара іс-қимылға негізделген және қалған барлық төтенше қызметтерін іске қосады (жедел жәрдем, өрт сөндіру, газ және энергетика және басқа қызметтерді);

5) электрондық білім (eEducation) – кез-келген студент лекцияларға үйден шықпай ақ «қатыса» алады;

6) электрндық денсаулық сақтау (eHealth) – жүйенің негізі қала тұрғындары пациенттерінің бірыңғай электрондық базасы болып табылады.