Категория:



Алматы қаласында «Медициналық зертханаларға  аккредитацияның мәні» тақырыбында дөңгелек стол өтті.

           21 қазан 2016 жылы Алматы қаласында «Медициналық зертханаларға  аккредитацияның мәні» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Дөңгелек стол «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек столда Алматы қаласының денсаулық сақтау мекемесінің,  медициналық диагностика зертханаларының Қазақстандағы ассоциациясының, аккредиттеу субъектілерінің және клиника-диагностикалық зертханаларының өкілдері қатысты.

          Алматы қаласындағы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдігінің бастығы Өмірханов М.А. дөңгелек столды ашып, қарастыралатын мәселердің, сұрақтардың өзектілігін, оның жауаптарын қатысушылармен талқыланатынын  атап өтті.

        Дөңгелек столдағы негізгі тақырып медициналық зертханаларды аккредиттеуді жетілдіруде жүргізілетін шаралар жайында, зертханалық қызметтің жағдайы, клинико-диагностикалық зертханалардағы стандартизация мәселесі, оларды Алматы қаласы бойынша орталықтандыру және ҚР СТ ISO 15189 енгізу туралы болды.

         Жалпы, дөңгелек стол жоғары деңгейде өтті. Көптеген қатысушылар сұрақтарымен, ұсыныстарымен, тілектерімен және сынақ зертханаларына ҚР СТ ISO 15189 енгізту кезіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек столға қатысушылар Ұлтттық аккредиттеу орталығының мамандарымен және әріптестерімен тікелей араласу арқылы, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап алды және халықаралық стандартты Қазақстан Республикасының медициналық зертханаларының мамандандырыдған қызметінде қалай енгізу жайлы мағлұматтар алды.