Категория:

          2016 жылғы наурыздың 24 мен 25 аралығында Үлттық аккредиттеу орталығы ISO/IEC 17021:1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 1 бөлім – Талаптар» стандартының жаңа нұсқасы бойынша, сондай-ақ  ISO/IEC TS 17021:2-2012 «Сәйкестікті бағалау. Экологиялық менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім – Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін персоналдың құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ISO/IEC TS  17021:3-2013 «Сәйкестікті бағалау. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім – Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін персоналдың құзыреттілігіне қойылатын талаптар» бойынша оқыту ұйымдастырып өткізді.

Түрік аккредиттеу органы TURKAK аккредиттеу сарапшысы, шетелдік дәріскер Дамла Дуван қатысумен оқыту өткізілді. Осы оқытуда ҰАО техникалық сарапшылары, тағы да жетекші бағалаушылар мен мамандар қатысты.  

         Оқыту барысында ISO/IEC 17021:1-2015 алдағы және қазіргі нұсқалары, сондай-ақ қоршаған орта менеджменті жүйесі мен сапа менеджменті жүйесін сертификаттау талаптары талқыланды және түсіндірілді.