Категория:

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында «Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы проблемалар туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

Орынбор көшесі, 11-үйде орналасқан «Эталон орталығы» ғимаратында 30 қыркүйекте мемлекеттік органдардың (ТҚҚК, МКК), Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Индустриалдық палата, аккредиттеу субъектілерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынысты кәсіпорындар («ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК) өкілдерінің қатысуымен сәйкестікті бағалау жөнінде көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелде талқылаудың негізгі тақырыбы ҰАО Бас директоры С.Ш. Құрманғалиев айтып өткен ЕАЭО техникалық регламенттердің талаптарына әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау проблемалары көтерілді. 

Сонымен қатар аккредиттеу субъектілерінің Бірыңғай тізілімдерін қалыптастыру, сондай-ақ «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ИДМ бұйрығының талаптарын іске асыру мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша қажетті сынақтар өткізусіз басқа ЕАЭО мүше-елдерінің өкілдері ресімдейтін «сұр сертификаттар»-мен күреске қажетті шаралар, сондай-ақ ЕАЭО бірыңғай тізілімдерін енгізу бойынша біріктірілген ақпараттық жүйені бірегейлендіру, дамыту және жандандыруды қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы хаттама қабылданды.

Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және аккредиттеу субъектілерімен бірлесіп ағымдағы жылдың соңына дейін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті растау саласын жетілдіру бойынша шаралар мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалар актілерінің қатарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дайындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Протокол   жүктеу