Категория:

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында Аккредиттеу жөніндегі Кеңесінің XII-отырысы өтті.

Орынбор қаласы, 11 мекенжайында, 17 наурызда «Эталон орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы орынбасары  Ғ.Т. Дугаловтың төрағалық етуімен Аккредиттеу жөніндегі кеңестің XII-отырысы өткізілді.

Отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ткәсіпкерлер палатасы және Индустриалдық палатасының, «Әділет» тұтынушылар қоғамдық бірлестігінің, «СҚОҚ» ЗТБ және «ТРжМЖҚҚҚ» ЗТБ аккредиттеу субъектілерінің қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан метрология институты» РМК аралас ұйымының өкілі қатысты.

Отырыс барысында 2016 жылғы 28 қазандағы Аккредиттеу жөніндегі кеңестің XI-отырысы хаттамасының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау туралы Ұлттық аккредиттеу орталығының ақпараты тыңдалды. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге аккредиттеудің жаңа бағыттарын дамытуға байланысты, сондай-ақ аккредиттеу процестеріне байланысты жекелеген нормаларды нақтылау бөлігінде бизнес қауымдастықтардың ұсыныстары негізінде аккредиттеу жөніндегі орган бастамашылық етті.

Сонымен қатар отырыста парникті газдарды аккредиттеудің жаңа: валидациялау мен верификациялау органдарын, сондай-ақ органикалық өндіріс пен өнімді бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу сияқты бүгінгі күні өзекті  бағыттарды игеру бойынша мәселелер талқыланды.

«Экологиялық мәселелер жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларымен верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу және парникті газдарды түгендеу туралы есепті растау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Энергетика министрлігінің құзырынан алынып, Аккредиттеу жөніндегі органға берілгенін еске саламыз.

Аграрлық секторды, оның ішінде экологиялық азық-түлік таза өнімі – экспорттық өнімі өндірісін дамыту қажеттігі Елбасының Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген. Өз кезегінде, органикалық өнім экспортына көмек көрсету мақсатында, Ұлттық аккредиттеу орталығы халықаралық талаптарға сәйкес органикалық өнімді бағалау бойынша органдарды аккредиттеу жүргізу қажет деп санайды.

Отырыс қорытындысы бойынша Аккредиттеу жөніндегі кеңес мүшелері Ұлттық аккредиттеу орталығына верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу және парникті газдарлы түгендеуді жүзеге асыру үшін қажетті персоналды дайындауға байланысты іс-шараларды ескере отырып, аккредиттеудің жаңа бағыттарын енгізу жөнінде жұмысты жалғастыру ұсынылды.