Категория:
ҚХР Сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі әкімшілігінің  (CNCA) және Қытай ұлттық сәйкестікті бағалау қызметінің (CNAS) өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесудің баспасөз релизі

2016 жылғы 12 тамызда Техникалық реттеу және метрология комитеті және Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – ҰАО) өкілдерінің ҚХР Сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі әкімшілігінің (CNCA) және Қытай ұлттық сәйкестікті бағалау қызметінің (CNAS) өкілдері құрамының делегациясымен (бұдан әрі – делегация) жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Делегация Қазақстан Республикасына ҚХР және ҚР арасында аккредиттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және жақсарту мақсатында келді. Делегацияны ҚХР Сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі әкімшілігінің (CNCA) бас басшысының орынбасары – Дон Лецюнь ханым басқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері отырысқа шақырылды.

Кездесу ҚХР және ҚР аккредиттеу саласындағы қызметті таныстыру рәсімінен басталды.

Кездесу барысында ҰАО және CNAS арасында аккредиттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою, аккредиттеу саласындағы оқытулар мен тағылымдамаларды екіжақты өткізу, біліктілікті тексеру, сәйкестікті бағалау салаларында және өзара мүдделердің басқа салаларында тәжірибе алмасу жөнінде ынтымақтастық мүмкіндіктері жөнінде, сондай-ақ аккредиттеудің жаңа бағыттары бойынша өзара тәжірибе зерделеу шеңберінде нормативтік құжаттармен, нормативтік құқықтық актілермен, ішкі рәсімдермен, саясатпен және басқа да қажетті материалдармен өзара қамтамасыз ету  мәселелері талқыланды.

Жұмыс бабындағы кездесу нәтижесінде келесі бітімге келді:

1) 2016-2017 жылдарда Астана қаласында «Органикалық өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу» тақырыбына CNAS бағалаушы-дәріскерлерінің оқыту өткізулері, CNAS негізінде ИСО/ХЭК 17020 (жөнелту алдындағы инспекция) стандарты және органикалық өнімді сертификаттау органдарын аккредиттеу бойынша тағылымдамалардан өту;

2)  Индия, Нью Делиде ILAC-IAF Бас Ассамблеясында ағымдағы жылғы қараша айында ҰАО және CNAS арасында аккредиттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою туралы келісімге қол  жеткізілді;

3) Қазақстан Республикасының экспорттау өнімдері бойынша техникалық стандарттарды Қытай тарапынан беру.