Категория:
ILAC-IAF Бас Ассамблеясының шеңберінде сәйкестікті бағалау саласында Аккредиттеу жөніндегі Болгар органы (BAS) мен Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО)  арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты Келісімге қол қою туралы баспасөз релиз, 2016 жылғы 3 қараша, Индия, Нью-Дели

 

2016 жылғы 3 қарашада Нью-Делиде ILAC-IAF Бас Ассамблеясының шеңберінде Аккредиттеу жөніндегі Болгар органы (Bulgarian Accreditation Service-BAS) және Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) арасында аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

BAS 2001 жылдан бастап келесі бағыттар бойынша ЕА (аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ынтымақтастық) толық құқылы мүшесі болып табылады:

- Калибрлеу зертханалары (ISO/IEC 17025);

- Сынақ зертханалары (ISO/IEC 17025);

- Медициналық зертханалар (ISO 15189);

- Инспекция органдары (ISO/IEC 17020);

- Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша органдар (ISO/IEC 17021);

- Өнімнің сәйкестігін растау бойынша органдар (ISO/IEC 17065);

- Персоналдың  сәйкестігін растау бойынша органдар (ISO/IEC 17024);

- Парниковых газдарды верификациялау бойынша органдар (ISO 14064, ISO 14065).

 2016 жылдан бастап - ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық) толық құқылы мүшесі және ILAC MRA қол қоюшысы:

- Калибрлеу зертханалары (ISO/IEC 17025);

- Сынақ зертханалары (ISO/IEC 17025);

- Медициналық зертханалар (ISO 15189);

 - Инспекция органдары (ISO/IEC 17020);

2016 жылдан бастап – IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) толық құқылы мүшесі және Персоналдың  сәйкестігін растау бойынша органдар (ISO/IEC 17024) IAF MLA қол қоюшысы.

Қазіргі уақытта ҰАО үшін басым жаңа бағыттар болып мыналар табылады:

- парникті газдарды валидациялау мен верификациялау бойынша органдарды аккредиттеу

- органикалық өнімді сертификаттау бойынша органдарды аккредиттеу;

-  GLP жүйесін қолдану.

Ынтымақтастық туралы қол қойылған Келісімнің шеңберінде өзара оқытулар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру, нормативтік құқықтық базамен алмасу бөлігінде көрсетілген жаңа аккредиттеудің бағыттары бойынша тәжірибемен алмасу жөнінде келісімшілікке қол жеткізілді.

ҰАО бұрын БҰҰДБ-мен бірлесіп жоба әзірленгенін еске саламыз, оның шеңберінде Қытай Халық Республикасының және Еуропалық Одақ елдерінің сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының қазақстандық сертификаттарын тану, сондай-ақ сәйкестікті бағалау рәсімдерін үйлестірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және өзара тану үшін жағдайлар жасау проблемаларын зерделеу бойынша зерттеу жүргізілді.

Зерттеу барысында сәйкестікті растау саласында Болгарияға қазақстандық өнімді экспорттау кезінде проблемалар анықталды. Мынадай санаттарды ШҚО-нан экспорттау кезінде:

1) Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімі

2) Ет және ет өнімдері

3) Өсімдік майы

4) Сүт және қышқыл сүт өнімдері

5) Ұн және макарон өнімдері

6) Ұнтақ жармасы

7) Печенье, пряниктер

8) Спирт, арақ

9) Бал

10) Марал өнімі

11) Былғары жартылай өнімдері

12) Құрылыс  материалдары

13) Жабдықтар

Сәйкестікті растау саласындағы анықталған проблемалы мәселелер:

- Сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімнің ауқымды тізбесі;

- Сәйкестікті растау кезінде пайдаланылатын сызбалар мен рәсімдердің қиындығы;

- КО ТР жеткіліксіз толық түсіндірілуі;

- СРО мен СЗ жүктемесінің көптігі;

- Сәйкестікті растау рәсімдерін өтуінің жоғары жинақталған құны.

Осы мәселе бойынша ҰАО қажетті материалдарды, нормативтік құқықтық базасын ұсыну және мүмкін болатын түсіндірмелер беру бөлігінде BAS жәрдемдесі келісімшілігіне қол жеткізілді.