Категория:

2016 жылғы 29 тамызда Челябинск қаласында (Ресей Федерациясы) Бас директор Серік Құрманғалиев Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясының 16-отырысына қатысты.

Отырыста Серік Құрманғалиев «Сәйкестікті бағалау саласындағы проблемалар туралы» таныстыру рәсімін ұсынды, онда сәйкестікті бағалаудың «сұр» құжаттарын Ресей Федерациясының сәйкестікті растау жөніндегі органдарының беру фактілерінің болуы туралы атап көрсетілді.

Таныстыру рәсімінде жосықсыз субъектілермен күрес жөніндегі келесі тетіктер ұсынылды:

1. Бірлескен шаралар кешенін пысықтау және қабылдау, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын бұзумен сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру фактілері бойынша жедел өзара іс-қимыл бөлігінде;

2. Мемлекетішілік ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігін (техникалық реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кеден және фискалды және т.б. органдар), сондай-ақ міндетті сертификаттауға жатқызылған өнімнің айналымына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру әдістерін жасау;

3. Қосымша Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификаттарының бірыңғай нысанына енгізуді және үлгілерді іріктеу орны мен күні туралы мәліметтерді «қосымша ақпарат» жолында 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен бекітілген оны ресімдеу ережелерін қарау ұсынылады, бұл көрсетілген өңірде үлгілердің болуын және сынақтар мерзімдерін бақылауға мүмкіндік береді.

Таныстыру аккредиттеу жөніндегі Федералды қызметіне (Ресей аккредиттеу) және Еуразиялық экономикалық комиссиясына шешім қабылдау үшін жіберілді.  

 

ЕСКЕРТУ: Ұлттық аккредиттеу орталығы осы проблема бойынша шешімдер қабылдау жөнінде конструктивті ұсынымдарды талқылау үшін әрдайым ашық. Ұсыныстарды мына   ic_nca@mail.ru мекенжайға жіберуді сұраймыз.