Категория:

2017 жылғы 2 маусым

         

   «Эталон орталығы» ғимаратында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Аккредиттеу: құрылыс саласына және қала ортасының инфрақұрылымына сенімді қамтамасыз етеді» тақырыбына Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Астанада Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді, оны халықаралық қауымдастық жыл сайын 9 маусымда атап өтеді. Осы жылдың тақырыбы «Аккредиттеу: құрылыс саласына және қала ортасының инфрақұрылымына сенімді қамтамасыз етеді» болып табылады.

2017 жылы Дүниежүзілік аккредиттеу күні құрылыс саласы мен қала ортасының инфрақұрылымына сенімді қамтамасыз етуге аккредиттеудің әсеріне арналды. Аккредиттеу стандарттары – бұл құрылыс салушылар мен мердігерлер, өндірушілер, дизайнерлер мен сәулетшілерден бастап инженер-жобалаушылар және инженер-құрылысшыларға дейін құрылыс индустриясын қолдау үшін қолданылатын танылған құралдар. Жоғарыда суреттелген құралдарды құрылыс саласындағы заңнаманы іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін, қоғамдық сенім мен инновацияларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті және реттеуші органдар қолданады.  

Аккредиттеу тәуекелдерді басқару жолымен құрылыс секторына, еңбек өндірістілігін арттыруға, ұлттық заңнама және ішкі ережелердің сақталуына ықпал етеді. Сынақ және калибрлеу зертханалары, инспекциялық органдар мен сертификаттау жөніндегі органдар сияқты сәйкестік бағалау бойынша аккредиттеу органдары өнім берушілерге, тұтынушыларға және тапсырыс берушілерге құрылыс жобалары тиімді пайдаланылатынына, құрылыс алаңдары қауіпсіз және сенімді материалдар қолданылатынына сенімділік береді. Сәйкестікті бағалау жөніндегі осы органдар мемлекетке және реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдарға салынған объектілер нормативтік талаптарға сәйкес келетініне сенімді дәлел береді.

Отырысты аша отырып, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугалов қауіпсіздікке қоғамның сенімін, қала инфрақұрылымы мен құрылыс жобаларының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі аккредиттеудің маңызын атап өтті. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО шеңберінде техникалық регламентін қабылдау және Қазақстанда Еурокодтарды енгізу туралы ақпарат ұсынды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Чал Отарбаев өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы туралы айтып берді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылар баяндамалармен сөз сойледі.  

Сөз сөйлеулерді тыңдап және талқылап, дөңгелек үстел қатысушылары Қарар қабылдады, онда  Техникалық реттеу және метрология комитеті және Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері комитетіне ынтымақтастық және өзара іс-қимыл бойынша меморандумға қол қою ұсынылды. Сонымен бірге Ұлттық аккредиттеу орталығына менеджмент жүйесін енгізген және қолдайтын кәсіпорындарды тендерге қатысуға жіберу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, Қаржы министрлігімен ынтымақтастықты жалғастыру, аккредиттеу процедураларын жеңілдету бойынша «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу,  «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентін әзірлеуде жұмысты белсендіру, сондай-ақ аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру және тұтас алғанда құрылыс саласында халықаралық стандарттарды алға бастыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды. 

   

 

Баспасөз үшін байланыстар:
Тел./факс: +7 7172 75 06 32,
Email: ic_nca@mail.ru