Категория:

Астана қаласында Аккредиттеу жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. Іс-шара жыл сайын 9 маусымда халықаралық қауымдастық атап өтетін, Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналды. 2016 жылдың девизі: «Аккредиттеу: қоғамдық мүдделерді қолдаудың жаһандық құралы» болып табылады.

Ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына өнім сәйкестігін бағалаумен сәйкестікті растау жөніндегі органдар және/немесе сынақ зертханалары айналысады. Ал мұндай органдардың және зертханалардың құзыреттілігін өз кезегінде бірыңғай уәкілетті орган растайды. Қазақстанда бұл функцияны Ұлттық аккредиттеу орталығы орындайды.

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу сәйкестікті бағалаудың іргетасы болып табылады, өйткені сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, калибрлеу, медициналық зертханалардың белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құзыреттілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесі дамыған және халықаралық талаптарға сәйкес болып табылады. Аккредиттеудің ұлттық жүйесінің заңнамалық негізі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» жеке заңмен айқындалған, ал рәсімдер мен құжаттар нысандары ИСО/ХЭК 17011 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» халықаралық стандартының талаптарын ескере отырып, менеджмент жүйесінің құжаттарымен және нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мемлекеттік саясатты іске асырудағы аккредиттеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев халықтың денсаулығын қорғау және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүргізіліп отырған жұмысты атап өтіп, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер және жануарлар әлеміне зиян келтіруге байланысты тәуекелді болдырмау мақсатында аккредиттелген зертханаларда өткізілетін сынақтар туралы, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер туралы айтып өтті. Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дугалов Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің ахуалы және перспективасы туралы ақпаратты ұсынды. Оның ішінде халықаралық модельге Қазақстанның  сапа ұлттық инфрақұрылымының сәйкестігі туралы, аккредиттеу органының жетістіктері туралы, салалардағы аккредиттеудің бірыңғай жүйесін жетілдіру туралы, сондай-ақ аккредиттеу үрдістерін автоматтандыру бойынша өткізіліп отырған жұмыс туралы атап өтті. Қазақстан Республикасындағы Словак Республикасының экс-посолы (2005-2011 жж.) Душан Подгорски мырза заманауи аккредиттеудің міндеттері және нарықты бақылау туралы айтып берді. Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақтардың төрағасы Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жүйесінің құрылу тарихымен таныстырды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Сынақ зертханасының бастығы Күләш Қалиева «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы шығаратын өнім сапасын қамтамасыз етудегі аккредиттеудің рөлі туралы айтып өтті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылыс саласының қауымдастығы» ЗТБ (ҚР ҰҚСҚ) Президенті Адельша Ермұханов құрылыс саласындағы аккредиттелген сәйкестікті бағалауды қолдану қажеттігі туралы айтып өтті.

ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық), IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум), ISO (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым), IIOC (Сертификаттау жөніндегі тәуелсіз халықаралық ұйым) сияқты сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық ұйымдармен аккредиттелген сәйкестікті бағалауды пайдалануды түсіндіру мақсатында, қоғамдық саясат күштерін қолдау үшін аккредиттеуді пайдаланумен бүкіл әлемнен мысалдарды көрсету үшін  www.publicsectorassurance.org вебсайты әзірленді.

Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін дамытуға белсенді қатысқандары үшін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының құрмет грамоталарымен келесі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов, ТРМК Метрология және сәйкестікті бағалау басқармасының басшысы Айгүл Қамитқызы Қасымова, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің  басшысы Сауытбек Әріпұлы Қапаев, «Республикалық сертификаттау орталығы» ЖШС СМ СРО Бас директоры Светлана Әбілсейітова, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ СЗ бастығы Күләш Байзукейқызы Қалиева марапатталды.

Аккредиттеу жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы қатысушыларының сөз сөйлеулерін тыңдап және талқылай отырып, аккредиттеу жөніндегі органмен салалық министрліктердің ынтымақтастығын белсендіру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестікке аккредиттеу қажеттігі туралы мемлекеттік органдар мен қоғамды ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады.

 

Баспасөз үшін байланыстар:
Тел./факс: +7 7172 27 05 32,
Email: ic_nca@mail.ru