Категория:
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеу жөніндегі кеңестің  ХІ-отырысы өтті

 

Ағымдағы жылғы 28 қазанда Орынбор көшесі, 11-үйде орналасқан «Эталон орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ш.С. Қазыбаеваның төрағалығымен аккредиттеу жөніндегі кеңестің ХІ-отырысы өткізілді.

Отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Индустриалдық палатасының, «Әділет» тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «Қазақстан метрология институты» РМК өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2016 жылғы 30 наурыздағы аккредиттеу жөніндегі кеңестің Х-отырысы хаттамасының орындалуы туралы есеп, сондай-ақ ҰАО Бас директоры С.Ш. Шолпанқұловтың техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі проблемалар туралы, оның ішінде сәйкестікті бағалау бойынша құжаттарды ресімдеу бұзушылығымен күрес жөнінде бірлескен шаралар жасау қажеттігі туралы, сонымен қатар сынаққа үлгілерді іріктеу жүргізудің орны мен күні туралы ақпаратты қосу бөлігінде, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 ЕЭК алқасының шешімімен бекітілген, Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларация мен сертификаттардың бірыңғай нысандарына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпараты тыңдалды.

Бизнес қауымдастықтардың өкілдерінің мәліметіне   С.Ш. Шолпанқұлов ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің аккредиттеу жөніндегі органдарының, сонымен қатар ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу департаменттерінің өкілдерінің қатысуымен, ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры  А.А. Шаққалиевтің төрағалық етуімен, ағымдағы жылғы 12 қазанда ҰАО бастамасы бойынша өткізілген жұмыс бабындағы мәжіліс туралы ақпарат жеткізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша сәйкестікті бағалау жүйесінің жосықсыз қатысушыларының (аккредиттеу субъектілерінің, өнімнің өндірушілері мен жеткізушілерінің) жауаптылықтарын көтеруге бағытталған заңнағама өзгерістер енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ЕАЭО құқықтарын жетілдіруге бағытталған ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу және пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылданды.