Категория:
Индия, Нью-Дели қаласында 2016 жылғы 2-4 қарашасы аралығында ILAC-IAF  аккредиттеу бойынша халықаралық ұйым Бас Ассамблеясында қазақстандық делегацияның қатысуы бойынша баспасөз-релиз

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің (ТРМК) және Ұлттық аккредиттеу орталығының (ҰАО) басшылығы 2016 жылғы 2-4 қарашасы аралығында Индия, Нью-Дели қаласында ILAC-IAF Бас Ассамблеясының (аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйымдар) жыл сайынғы отырыстарына қатысады.

Бас Асссамблеяның шеңберінде World Anti-Doping Agency (WADA) директоры   доктор Оливьер Рабин (Dr. Olivier Rabin) және бас менеджер Виктория Ивановамен (Victoria Ivanova) жұмыс бабындағы кездесулер өтті. Жұмыс бабындағы кездесулер барысында Алматы қаласындағы допингке қарсы қызмет мәселелері бойынша WADA-мен ынтымақтастықтың және жуық арада  WADA ISL (International Standard for Laboratories) талаптарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның аккредиттеу жөніндегі ұлттық органын тарту мәселелері  талқыланды. Кездесу нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы допингке қарсы қызметті жетілдіру мәселелерін шешу бойынша WADA және ILAC-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар IAF төрағасы – сондай-ақ ҚХР-CNAS аккедиттеу жөніндегі органының директоры Чао Джинхуамен (Mr. Xiao Jianhua) кездесу табысты өтті.  Аккредиттеу саласында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде ҰАО мамандары үшін оқытулар мен тағылымдамалар өткізу және көршілес елге экспортталатын тауарлар үшін біздің ұлттық сертификаттарды өзара тану мәселелері талқыланды. 

ILAC төрағасы Питер Ангер мырзамен (Mr. Peter Unger) «IAF» белгісін салу құқығын алғаннан соң, әлемде қазақстандық сертификаттарды тануды қамтамасыз ету мақсатында APLAC-та (зертханаларды аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйым) ҰАО кіру мәселесі бойынша кездесу жемісті өтті. Сондай-ақ жұмыс тәртібінде шетелдік агенттіктердің трансшекаралық аккредиттеудің халықаралық ережелерін біздің елде бұзу мәселелері талқыланды.

ТРМК және ҰАО басшыларының  зертханалар бойынша аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйымы – APLAC (Asia Pacific Laboratory Accreditation Cooperation) төрағасы Вонг Ванг Ва (Wong Wang Wah) мырзамен кездесу өтті. APLAC MRA келісімінің қол қоюшысы дәрежесін алуы және толық құқылы мүшесі болуына ҰАО-ның кіруінің мәселелері талқыланды.

РАС жаңа төрағасы Чанг Квэй Фен (Ms. Chang Kwei Fern) мырзамен танысу кездесуі өтті, ол PAC-APLAC ьөңірлік ұйымдардың Бас Ассамблеясында ағымдағы жылғы маусым айында белгіленген болатын. Ағымдағы жылғы маусымда РАС сарапшылары тарапынан ҰАО бағалаудан өтуі және ISO/IEC 17021 и ISO/IEC 17024 стандарттары бойынша PAC-MRA келісімінде ҰАО саласын кеңейту мәселелері талқыланды.

ILAC-IAF Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысу шеңберінде қарқынды жұмыс жалғасуда.