Категория:

2015 жылдың 28 қазанынан 6 қарашасына дейінгі аралықта Италияның Милан қаласында ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық) және IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) Бас Ассамблеясының жыл сайынғы бірлескен отырыстары өткізілуде. Іс-шараны ұйымдастыру бойынша Accredia Итальяндық аккредиттеу органы шақырушы тарап ретінде шығып отыр.

ILAC және IAF – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС мүшесі болып табылатын аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйымдар.

Іс-шараға ILAC және IAF халықаралық ұйымдарына мүше 70 елден жүзден аса делегаттар қатысты.

Биылғы жылы аталған іс-шараға құрамында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директоры Серік Құрманғалиев, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің бастығы Анар Тілеуова, қызметкерлерді дамыту бөлімінің бастығы Күлпаш Әбенова және Сәйкестікті бағалау басқармасының бас маманы Жанар Сағымбаева бар Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.  

Жұмыс топтарының отырыстары мен бірлескен отырыстар кезінде стратегиялық жоспарлар, қаржылық есептер мен  ILAC және IAF кейінгі жылдарға бюджеті, жұмыс топтары мен жедел топтардың аккредиттеу бағыттары бойынша есептері қарастырылды, сондай-ақ ILAC MRA және IAF MLA келісімдері бойынша мәселелер, ұйымдардағы мүшелікті қолдау мәселелері және аккредиттеу саласындағы басқа да көптеген ағымдағы мәселелер талқыланды.

Қызметкерлерді дамыту бөлімінің бастығы Күлпаш Әбенова және Сәйкестікті бағалау басқармасының бас маманы Жанар Сағымбаева ISO/IEC 17065, ISO/IEC 17021, ISO 14065 и ISO/IEC 17024 халықаралық стандарттар бойынша жұмыс топтарында қатысты.

Бірлескен отырыстарға қатысумен қатар 2015 жылдың 4 қарашасында қазақстандық делегация тарапынан екіжақты тығыз қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев шетелдік аккредиттеу жөніндегі органдардың басшыларымен екіжақты жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.

Мәселен, Біржан Қанешев мырза UKAS (Ұлыбританияның аккредиттеу жөніндегі қызметі) төрағасы Paul Stennett-пен  (Пол Стеннет) кездесті. Медициналық зертханаларды аккредиттеуді дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ CNAS (Сәйкестікті бағалау жөніндегі қытай ұлттық аккредиттеу қызметі) Бас хатшысы Xiao Jianhua (Ксяо Джинхуа) мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында  аккредиттеу жөніндегі екі орган арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы, сондай-ақ бұдан арғы тығыз әрекеттесу мен аккредиттеу саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында ҚХР-ға жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ TURKAK (Аккредиттеу жөніндегі Түрік агенттігі) Бас хатшысы Halil Ibrahim Cetin (Халил Ибрагим Четин) мырзамен және SNAS (аккредиттеу жөніндегі Словак қызметі) директорымен аккредиттеу саласында тәжірибе алмасу, жаңа бағыттарды дамыту мен игеру мәселелерін талқылау бойынша кездесулер өтті.

Аккредиттеу жөніндегі федералдық қызметтің төрағасы (Россаккредиттеу) Савва Шипов және Белорус мемлекеттік аккредиттеу орталығының (БМАО) директоры Татьяна Николаева ханыммен  ЕАЭҚ аясындағы әрекеттесудің ағымдағы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, 4 қарашада Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев ILAC төрағасы Питер Ангермен және IAF төрағасы Рэнди Доэртимен кездесуі өтті.

5 қарашада Серік Құрманғалиевтың PCA (Поляк аккредиттеу бойынша орталығы) директорі Лючина Олборскамен (Lucyna Olborska) және ENAC (Испан ұлттық аккредиттеу орталығы) бас директорі Беатрис Риверамен (Beatriz Rivera) кездесуі өтті.

PCA басшысымен аккредиттеу саласында тығыз екі жақты ынтымақтастықты жалғастыру сұрақтары талқыланды.

ENAC басшысымен бірінші танысу кездесуі ойдағыдай өтті. ENAC және ҰАО арасындағы аккредиттеу бойынша жаңа бағыттарды (ISO/IEC 17020, ISO 14065) ынтымақтастықты дамыту бойынша екі жақты келісім қол қоюына келіскендік жетілді.

Кездесулер барысында  «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС және Accredia Итальяндық ұлттық аккредиттеу органы аралығындағы аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық бойынша келісіміне қол қою маңызды оқиға болып табылды. Аккредиттеу бойынша жаңа бағыттар бойынша оқу және тағылымдама ұйымдастыру сұрақтары келісіммен реттелген.