2000 жылғы тамыз айында қайта құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – ҰАО) халықаралық аренада аккредиттеу саласында бірқатар мақсаттарға қол жеткізді. Негізгі жетістіктері Халықаралық зертханаларды аккредиттеу ынтымақтастығы ILAC (International Laboratory Accreditation Cooperation), Тынық мұхиттық РАС аккредиттеу бойынша ынтымақтастығы (Pacific Accreditation Cooperation), Халықаралық аккредиттеу форумы IAF (International Accreditation Forum) сияқты халықаралық аккредиттеу бойынша ұйымдарға толыққанды мүшелігі болып табылады.