Жоғары білікті мамандарды қажет ететін стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы міндеттерді шешуде біліктілікті арттыру сұрақтарының маңызы ерекше. Оқытатын курстар және семинарларды жоғары деңгейде ұйымдастыратын «ҰАО» ЖШС Персоналды дамыту басқармасы осы сұрақтарды шешуде маңызды рөл атқарады. Персоналды дамыту басқармасы төмендегідей курстарды жүргізеді.Оқытуды конкурстық іріктеуден өткен, өзінің біліктілігін Ресей, Түркия, Словакия, Германия және Жапонияның жетекші институттарында үнемі арттыратын, сертификаттары және біліктілік аттестаттары бар сарапшылар жүргізеді. Оқыту бағдарламаларында мыналар ескерілген: дәрістер және тәжірибе сабақтар, нормативтік құжаттамамен өз бетімен танысу, жеке кеңес беру, алынған білім бойынша тестілеуді жүргізу, дөңгелек үстел аясында пікір-талас жүргізу. Оқу – әдістемелік қор тыңдаушыларға оқытудың қажетті курсын, нормативтік құжаттама жинақтарын, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау сұрақтары бойынша қажетті әдебиетті сәтті меңгеруге мүмкіндік береді. Тыңдаушыларға МСҚ (мемлекеттік стандарттар қоры) және Ғаламтор қорына қосылуға рұқсат беріледі.