29 Августа 2016

БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) Сіздерді жаһандық «Сынап зертханаларының деректер банкінде» тіркелуге шақыруға қуанышты. Деректер банкінде биотикалық және/немесе абиотикалық үлгілердесынапты талдауға қабілетті зертханалар тізілетін болады. Егер Сіздің зертхана осындай талдаулар жүргізсе және Сіздер тіркеуге мүдделік танытсаңыздар, қоса беріліп отырған сауалнаманы[1](сауалнаманың ресми емес аудармасы қоса берілген) толтыруды және оны science.chemicals@unep.org электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Сынап зертханаларының деректер банкін ЮНЕП Химиялық заттар жөніндегі бөлімшесі Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) қаржыландыратын «Сынаптың адамға әсерін және қоршаған ортадағы шоғырлануын жаһандық мониторингілеу жоспарын әзірлеу» жобасының шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) және Италияның Ұлттық ғылыми-зерттеу кеңесімен (ҰҒЗК) тығыз ынтымақтастықта құруда. Деректер банкі Интернетте қолжетімді және жүйелі жаңартылатын болады.

Ол адамның тамырында, балықтарда, атмосфералық ауада және басқаларында сынапты айқындауға және сандық өлшеуге қабілетті зертханаларды іздестіруде мүдделі тараптар үшін пайдалы ақпарат көзі болады. Халықтың аз қорғалған топтарында және қоршаған орта объектілерінде сынаптың деңгейлері бойынша салыстырылатын деректерді жинау Сынап туралы Минамата конвенциясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Сіздердің ынтымақтасуларыңыз үшін Сіздерге алдын ала алғыс айтамыз.

Егер Сіздерде сұрақтар туындайтын болса, мынадай электрондық мекенжайлар бойынша (ағылшын тілінде) өтініш жасай аласыздар:

[1]Зертхана туралы ақпаратты ағылшын тілінде толтыру (яғни сауалнаманың ағылшын нысанын толтыру) қажет. Сауалнаманың орысша (ресми емес) аудармасы мәлімет үшін қоса беріледі.



Құжаттар

Кері кайту