26 Мая 2016

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – ҰАО) хабарлайды, қазіргі уақытта ҰАО менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органдар қызметінің көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін мәліметтер жинау жөнінде IAF міндетті құжатының талаптарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде  (IAF MD 15:2014).

IAF MD 15:2014 (көшірмесі қоса беріледі) МЖ СРО қызметнің көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін мәліметтер жинау бойынша міндетті құжат болып табылады және инспекциялық қызметті басқару үшін аккредиттеу жөніндегі органға мәліметтер ұсыну үшін жіберілді. Бұл құжат аккредиттеу жөніндегі орган орындарда бағалау жүргізуге қосымша ретінде мерзімді жинау және талдау қажет болатын бірқатар көрсеткіштерді белгілейді.  

Бүгінгі күні, «e-cabinet» онлайн түзімде МЖ сәйкестік сертификаттарын беру бойынша қолданыстағы бағдарлама MD IAF MD 15:2014 қарастырылған келесі мәліметтерді жинауды көздемейді: аудиторлар саны, танылған трансферттер саны, мерзімі өткен аудиттер саны және өңделген аудит-күндердің саны.

Осыған байланысты, «e-cabinet» бағдарламасына жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қарастыратын өзгерістер енгізіледі.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде МЖ СРО ағымдағы жылғы   1 шілдеге дейін IAF MD 15:2014 талаптарын зерделеп және оны енгізу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумның ақпаратына сәйкес IAF MD 15:2014 енгізу күні 2016 жылғы 14 шілдеден бастап анықталған.

IAF MD 15:2014 енгізу мәселелері бойынша қосымша ақпарат, сондай-ақ IAF MD 15:2014-ке сілтемелері бар IAF MD басқа құжаттарын алу үшін 27-05-36, 27-05-16, 44-64-55 телефондары бойынша қоңырау шалуға болады. 

Құжаттар

26052016 Размер: 126.5 Кб
Кері кайту