3 Октября 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 30 қыркүйектен 2016 жылғы 30 желтоқсанға дейін ұзартылсын:

Атырау облысы, Біріккен кәсіпорын «КАЗАНАЛИТ» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 30 қыркүйектегі № KZ.И.06.0051 аккредиттеу аттестаты);

Қарағанды облысы, «Караганда Энергоцентр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғы 30 қыркүйектегі № KZ.П.10.1229 аккредиттеу аттестаты);

Тараз қаласы, «Группа по стандартизации, сертификации и метрологии«ZHAMBYL STANDART» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2011 жылғы 30 қыркүйектегі № KZ.О.08.0958 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 204.6 Кб
Кері кайту