27 Октября 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 26 қазаннан 2017 жылғы  26 қаңтарға дейін ұзартылсын:

Алматы қаласы, «ЦеЛСИМ» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 26 қазандағы № KZ.И.02.0083 аккредиттеу аттестаты);

Өскемен қаласы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК бақылау-сынақ орталығы (2011 жылғы 26 қазандағы  № KZ.И.07.0026 аккредиттеу аттестаты);

Астана қаласы, «Казпромдиагностика» ЖШС (жылжымалы)  бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика зертханасы (2011 жылғы 26 қазандағы № KZ.И.04.0159 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 179 Кб
Кері кайту