28 Июля 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 26 шілдеден 2016 жылғы 26 қазанға  дейін ұзартылсын:    

Астана қаласы, «Collateral Management International» ЖШС ғылыми орталығы (2011 жылғы 26 шілдедегі № KZ.И.01.0049 аккредиттеу аттестаты);

Ақтөбе облысы, «Фирма Ада Ойл» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 26 шілдедегі № KZ.И.05.1215аккредиттеу аттестаты);

Атырау қаласы, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғы 26 шілдедегі № KZ.П.06.0096 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

28072016 Размер: 195.8 Кб
Кері кайту