25 Мая 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 24 мамырдан 2016 жылғы 24 тамызға  дейін ұзартылсын:

Петропавл қаласы, «Агро-Нан-Экс» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 24 мамырдағы № KZ.И.15.0086 аккредиттеу аттестаты);  

Байқоңыр қаласы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің химия-экологиялық зертханасы (2011 жылғы 24 мамырдағы    № KZ.И.12.1176 аккредиттеу аттестаты);

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

25052016 Размер: 190.7 Кб
Кері кайту