27 Октября 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 21 қазаннан 2017 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылсын:

Атырау қаласы, «ЭкоНорматив» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 21 қазандағы № KZ.И.06.1234 аккредиттеу аттестаты);

Ақтөбе қаласы, «Манар» ЖШС сынақ орталығы (2011 жылғы 21 қазандағы № KZ.И.05.0146 аккредиттеу аттестаты);

Қарағанды қаласы, «РАСТАМА-СЕРТ» ЖШС менеджмент жүйесі сәйкестікті растау жөніндегі орган (2011 жылғы 21 қазандағы   № KZ.О.10.0959 аккредиттеу аттестаты) ;

Астана қаласы, «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ орталық сынақ зертханасы (2011 жылғы 21 қазандағы № KZ.И.01.0136 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

21.10.16 каз Размер: 113.8 Кб
Кері кайту