22 Июня 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 20 және 17 маусымдағы № 21 хаттамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Павлодар қ., «Лаборатория ТДНК» ЖШС СЗ;

Орал қ., «Expert Service» ЖШС-нің СЗ;

Өскемен қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ-аналитикалық бақылау бөлімінің СЗ;

Қарағанды қ., «Центргеоланалит» ЖШС СО.

Ақтау қ., «МАЭК-Казатомпром» ЖШС ДжЖӨДЗ-ның № 2 өндірістік цехының химиялық-бактериологиялық бақылау зертханасы.

2. Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы ретінде (бұдан әpi – МЖ СРО) ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «АЗКА КОНСАЛТИНГ- СЕРВИС» ЖШС-нің СРО;

Алматы қ., «Электромагниттік үйлесімділік және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің СРО.

3. Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы ретінде ГОСТ ISO/IEC 17021-2013 талаптарына сәйкес Астана қ., «Центр сертификации «Астана Менеджмент» ЖШС аккредиттелсін.

3. Орналасқан жері өзгеруіне байланысты Астана қ., «СтройДевелопмент» ЖШС СЗ-ның аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

220620161 Размер: 412.3 Кб
Кері кайту