25 Мая 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 17 мамырдан 2016 жылғы 17 тамызға  дейін ұзартылсын:

Алматы қаласы, «ТестЭкспертиза» ЖШС өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік сынақ зертханасы (2011 жылғы 17 мамырдағы № KZ.И.02.1171 аккредиттеу аттестаты);  

Екібастұз қаласы, «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғы 17 мамырдағы    № KZ.П.14.1172 аккредиттеу аттестаты);

       2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту