9 Декабря 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 09 желтоқсандағы № 40 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Орал қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысының филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылғы 13 шілдедегі № KZ.П.09.0844 аккредиттеу аттестатының  қосымшасы ретінде аккредиттеу облысының геометриялық өлшем бөлігі қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту