9 Декабря 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 8 желтоқсаннан 2017 жылғы  8 наурызға дейін ұзартылсын:

Ақмола облысы, «AgroComplexExpert» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 8 желтоқсандағы № KZ.И.03.1251 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС (2011 жылғы  менеджмент жүйелері сәйкестіктігін растау жөніндегі органы  8 желтоқсандағы № KZ.О.02.0141 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына Д.Ж. Шәріповқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 1.5 Мб
Кері кайту