8 Декабря 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 40 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы, «Научно-Исследовательский Центр «Алматы-Стандарт»  ЖШС-нің менеджмент жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі органның 2013 жылғы 28 ақпандағы № KZ.О.02.0968 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Кері кайту