8 Декабря 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы  05 желтоқсандағы № 40 және 40/1 хаттамамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (бұдан әpi – СЗ) ретінде:

Екібастұз қ., «R.W.S. Wheelset» ЖШС-нің СЗ;

Астана қ., «Қайрат Құрылыс» ЖШС-нің СЗ;

Қарағанды обл., ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалының Балқаш қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау кешенді зертханасы.;

Алматы қ., «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің СЗ;

Қызылорда қ., ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;

Кострома қ., «КазСертТест» ЖШС-нің «ЭкспертТест» филиалының СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы ретінде (бұдан әpi - СТЗ) ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009  талаптарына сәйкес Екібастұз қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы аккредиттелсін.

2. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес облысының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

Атырау қ., «Атырау мұнай өндеу зауыты» ЖШС-нің «Орталық зауыт зертханасы» СО;

Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС-нің СЗ;

Көкшетау қ., ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жағдайын қадағалау бойынша зертханасы;

Астана қ., «Профессиональная военизированная аварийно-спасательная служба «Нұр құтқарушы» ЖШС-нің СЗ;

Астана қ., «АА-Экология»ЖШС-нің СЗ.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту