30 Ноября 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 23 қарашасындағы № 38 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Талдықорған қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Талдықорған филиалының сынақ  орталығының 2014 жылғы 03 қазандағы № КZ.И.04.0544 аккредиттеу аттестатының «Автокөлік құралдар» бөлігі кері қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Кері кайту