30 Ноября 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 38 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Павлодар қ., «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС сынақ орталығының  2015 жылғы 3 сәуірдегі № KZ.И.14.0660 берілген аккредиттеу аттестатының аккредиттеу саласының ішкі тұтынуға арналған ПТ, СПБТ, БТ үшін сұйытылған мұнай газ бөлігі қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту