30 Ноября 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 38 және № 38/1 хаттамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (бұдан әpi – СЗ) ретінде:

Астана қ., «IT-Сынақ» ЖШС-нің СЗ;

Қарағанды қ., «Alpfa Group» ЖШС-нің бұзбай бақылау СЗ;

Тараз қ., ҚР ДСжӘДМ «Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық Ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының СЗ;

Алматы қ., «ЦеЛСИМ» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «Научно-технический инженерный центр» ЖШС-нің СЗ;

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009  аккредиттелсін:

Алматы қ., «НЦ «Каз Энерго Стандарт» ЖШС-нің СТЗ;

Астана қ., «Астана-Энергия» АҚ-ның «2-ЖЭО» ЖШС-нің СТЗ;

2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі органы ретінде Алматы қ., «Научно-технический инженерный центр» ЖШС-ні аккредиттелсін.

3. ГОСТ ISO/IEC 17021-2013 талаптарына сәйкес менеджмент жүйесі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органы ретінде  Алматы қ., «Орда Серт» ЖШС-ні аккредиттелсін.

4. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

4.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес облысының кеңеюіне байланысты:

Ақтөбе облысы, «Здоровое поколение» ЖММ-нің СЗ;

Алматы қ., «Научный аналитический центр» ЖШС-нің СЗ;

Астана қ.,  «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі орталығының СТЗ;

4.2 Павлодар қ., «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің СО-ның ораналасқан мекен жайының өзгеруіне байланысты.

4.3 Риддер қ., «Казцинкмаш» ЖШС-нің СТЗ  на Өскемен қ., «Казцинк» ЖШС-нің «Казцинкмаш» ӨК-нің СТЗ реорганизациядан өткендіктен;

4.4 ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 стандартына көшуіне байланысты:

Ақтау қ., «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-нің МЖ СРО;

5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту