3 Ноября 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 24 қазандағы № 35 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде келесі ұйымдар  аккредиттелсін:

Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жағдайын қадағалау бойынша СЗ;

Астана қ.,  «Collateral Management International» ЖШС-нің ғылыми орталағы;

Орал қ., Қазақстан Республикасының БҒМ «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ның экология және биогеохимия СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009  талаптарына сәйкес Алматы қ., «Геокурс»  (Geocourse) ЖШС-нің СТЗ аккредиттелсін.

1.2.1 Салыстырып тексеру зертханасы ретінде ҚР СТ ИСО/МЭК  17025-2007 талаптарына сәйкес Ақтау қ., «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-нің СТЗ аккредиттелсін.

2. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

2.1 Алматы қ., «Казэкоанализ»  ЖШС-нің СЗ-ның аккредиттеу  облысының кеңеюіне және ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына көшуіне байланысты.

2.2 Павлодар қ., «ЦЕННЕР-ВАЛЬГЕРТ және К° бірлескен кәсіпорын» ЖШС-нің СТЗ-ның аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты.

 2.3  Атырау қ., «Relay Zholdas/Рилей Жолдас» ЖШС-нің салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының мекен жайының атауының өзгертуіне және ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына көшуіне байланысты.

2.4 Атырау облысы, Кульсары қ., «Biotechnics» ЖШС-нің СЗ «Biolabs» ЖШС-нің СЗ атауының өзгертуіне байланысты.

2.5 Алматы қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» ШЖҚ РМК-ның Қазақ-Жапон инновациялық орталығы «Электрондық микроскопия» СЗ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» ҚАҚ-ның Қазақ-Жапон инновациялық орталығы «Электрондық микроскопия» СЗ реорганизациялануына және ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына көшуіне байланысты;

2.6 Астана қ.,  «G-Certico» G-C ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органының ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 талаптарына өтуіне байланысты;

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

Binder1 Размер: 185.2 Кб
Кері кайту