13 Октября 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 07 қазандағы № 33 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы ретінде ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Астана қ., «Центр сертификации, обучения и метрологии» ЖШС-нің СЗ;

Ақтау қ., «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның СЗ;

Алматы қ,. «КазТест-Электроника» ЖШС-нің СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйым аккредиттелсін:

Алматы қ., «Центр сервиса и метрологии» ЖШС-нің СТЗ.

1.3 Калибрлеу зертханасы (бұдан әpi - КЗ) ретінде ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйым аккредиттелсін:

Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-нің КЗ;

Қарағанды қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Қарағанды филиалының КЗ;

Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының КЗ.

2. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:

2.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Алматы қ., «ТЕКС» ЖШС-нің сертификаттау сынақ орталығы;

Қарағанды қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Қарағанды филиалының СТЗ.

2.2 аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгергеніне байланысты:

Темиртау қ.,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ орталық зауыт зертханасы - жаңа өнімнің дамуын және сапасын бақылау орталығының сынақ зертханасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның аналитикалық бақылау орталығы деп өзгертілсін.

2.3 аккредиттеу субъектінің заңды мекен жайының өзгеруіне байланысты:

Астана қ., «Центр сертификации продукции, услуг в г. Астана» ЖШС-нің СРО.

3. Келесі аккредиттеу субъектілердің заңды мекен жайының өзгеруіне байланысты есепке алынсын:

Астана қ., «Центр сертификации продукции, услуг в г. Астана» ЖШС-нің МЖ СРО;

Астана қ., «Центр сертификации продукции, услуг в г. Астана» ЖШС-нің СО.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер  Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

Binder1 Размер: 177.8 Кб
Кері кайту