1 Сентября 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 29 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Семей қаласы, «ЛабВорк Майнинг» ЖШС-нің сынақ зертханасының 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № KZ.И.17.0128 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары С.Қ. Құсайыновқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту