1 Сентября 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 29 және хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007/ ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Шымкент қ., «Химфарм» АҚ-ның сапасын бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;

Алматы қ., «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің фитосанитарлы әдістемелі зертханалық орталығы;

Астана қ., «Каз Агро Сараптама» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «Алматы-Стандарт» Ғылыми-Зерттеу Орталығы» ЖШС-нің СО.  

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «Атырауская ТЭЦ» АҚ-ның СТЗ;

Алматы қ., «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның СТЗ.

2. ГОСТ  ISO/IEC  17065-2013    талаптарына сәйкес Алматы қ., «Еркін Талғам» ЖШС-нің сәйкестігін растау жөніндегі орган ретінде аккредиттелсін.

3. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

3.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Ақтөбе қ., «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасы;

Орал қ., «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының «Оргтехдиагностика» қызметінің өндірістік-экологиялық мониторинг бөлімінің сынақ зертханасының;

Алматы қ., «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС-нің жылжымалы экологиялық зертханасы.

3.2 аккредиттеу субъектінің орналасқан мекен жайының көшесінің атауы өзгеруіне байланысты:

Петропавлов қ., «Стадия» ЖШС-нің СЗ.

3.3 орналасқан мекен жайының атауының өзгеруіне байланысты:

Өскемен қ., «НПО Движение» ЖШС-нің СТЗ.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту