9 Августа 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 26 және  хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007/ ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Ақтөбе қ., «ЭКОАУДИТ-ЦЕНТР» ЖШС-нің СЗ;

Шымкент қ., «South Shield» ЖШС-нің СЗ;

Орал  қ., «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалының СЗ; 

Орал қ., «Стройкомбинат» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің химия-экологиялық зертханасы;

Ақтөбе обл., «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Шымкент қ., «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС-нің СТЗ.

1.3 Калибрлеу зертханасы (бұдан әpi - КЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Тбилиси қ., Грузия «Самеурнео Момсахуреба Лабсервис Джгуфи» ААҚ-ның КЗ.

2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес менеджмент жүйесі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар ретінде  келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «КазЮжстройсертиф» ЖШС-нің СРО.

3. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

3.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Көкшетау қ., «Алтын-Сертиф» ЖШС-нің МЖ СРО;

Ақтөбе қ., «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС-нің СЗ;

Атырау қ., «НИПИ «Каспиймунайгаз» ЖШС-нің СЗ;

Шымкент қ., «База менеджмент 2008» ЖШС-нің СЗ;

Қызылорда қ., «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасы;

Астана қ., «Инфротранссервис» ЖШС-нің СТЗ;

Астана қ., «Жаңа Ғасыр 2030» ЖС-нің СТЗ;

Атырау қ., «Буркит Сэйфти»ЖШС-нің СТЗ.

3.2  аккредиттеу субъектісінің атының өзгеруіне байланысты:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру сынақ зертханасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру сынақ зертханасы;

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Арыс эксплуатациондық вагон депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы на «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» - «Жүк тасымалы» АҚ «ГП Шымкент бөлімшесі».

3.3 ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 өтуіне байланысты:

Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС-нің МЖ СРО.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

combinepdf Размер: 1.9 Мб
Кері кайту