2 Августа 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 25 және   хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007/ ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Ақтөбе қ., «Микролабсервис» ЖШС-нің МЗ;

Қарағанды қ., «Қарағанды мемлекеттік техникалық универсистеті» ШЖҚ РМК-ның материалдар үшін халықаралық орталығының СЗ;

Риддер қ., «Қазгидромет» ШЖҚ  РМК-ның  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласының атмосфералық ауа ластануын бақылау зертханасы;

Ақтау қ., «Аналитика» ЖШС-нің СЗ;

Қарағанды қ., «Астана-Нан» ЖШС-нің Қарағанды қаласы бойынша «Astana-Nan Chemicals» филиалының СЗ;

Атырау қ., «International Safety Standard» ЖШС-нің СЗ.

Ақсу қ., «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ-ның промсанитария және қоршаған ортаны қорғау зертханасы;

  Өскемен қ., Риддер қ., Зыряновск қ. «Казцинк» ЖШС-нің СЗО.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Қарағанды қ., «Метрологсертстандарт» ЖШС-нің СТЗ;

Ақсу қ., «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ-ның СТЗ.

2. ГОСТ ISO/IEC 17021-2013 талаптарына сәйкес менеджмент жүйесі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар ретінде  келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «АлматыЭкспертиза» ЖШС-нің МЖ СРО;

Алматы қ., «EUROASIA MS» ЖШС-нің МЖ СРО.

3. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

3.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Астана қ., «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС-нің СРО;

Шымкент қ., «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-нің СТЗ.

3.2  аккредиттеу субъектісінің атының өзгеруіне байланысты:

Астана қ., «Baltic Control KZ Certification» ЖШС-нің СРО «Collateral Management International» ЖШС-нің СРО.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

02082016 Размер: 438.5 Кб
Кері кайту