22 Июля 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 20 шілдеден 2016 жылғы 20 қазанға  дейін ұзартылсын:    

Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жағдайын қадағалау бойынша сынақ зертханасы (2011 жылғы 20 шілдедегі № KZ.И.14.1213 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «КазТест-Электроника» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 20 шілдедегі № KZ.И.02.0066 аккредиттеу аттестаты);

Тараз қаласы, «ПКФ «Фан» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 20 шілдедегі № KZ.И.08.0065 аккредиттеу аттестаты);

Ақтөбе қаласы, «Экоаудит Центр» ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 20 шілдедегі № KZ.И.05.1214 аккредиттеу аттестаты);

Ақтау қаласы, «Аналитика» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы (2011 жылғы 20 шілдедегі № КZ.И.13.1210 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «КазТест-Электроника» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2011 жылғығы 20 шілдедегі № KZ. KZ.О.02.0072 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «EUROASIA MS» ЖШС менеджмент жүйесі сәйкестігін растау жөніндегі орган (2011 жылғығы 20 шілдедегі № KZ.О.02.0133 аккредиттеу аттестаты);

Көкшетау қаласы, «Алтын Сертиф» ЖШС менеджмент жүйесі сәйкестігін растау жөніндегі орган (2011 жылғығы 20 шілдедегі  № KZ.О.03.0954 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

22072016 Размер: 372.7 Кб
Кері кайту