20 Июля 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 24 және хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007/ ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Ақтөбе қ., «AltynEx Company» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «Каз-Ленц» ЖШС-нің СЗ.

Орал қ., «Комплексный испытательный центр» ЖШС-нің СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Орал қ., «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖҚ РМК-ның Батыс Қазақстан филиалының СТЗ;

Астана қ., «Казахстанский центр экспертизы и сертификации» ЖШС-нің СТЗ.

1.3 Калибрлеу зертханасы (бұдан әpi - КЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Астана қ., «Казахстанский центр экспертизы и сертификации» ЖШС-нің КЗ.

2. Ақсай қ., «Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС-нің СЗ аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестатты қайта рәсімделсін.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

20072016 Размер: 352.4 Кб
Кері кайту