13 Июля 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазхром» Трансұлттық компания» АҚ филиалы- Ақсу ферроқорытпа зауыты энергетикалық цехтің су тазарту участкесінің сынақ зертханасы, Ақсу-1 қ. 2011 жылғы 12 шілдедегі № KZ.И.14.1209  аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 12 шілдеден 2016 жылғы 12 қазанға  дейін ұзартылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

13072016 Размер: 170.2 Кб
Кері кайту