30 Июня 2016

 

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 22 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның сынақ орталығының  2014 жылғы 8 желтоқсандағы № KZ.И.02.0010 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары С.Қ. Құсайыновқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

30062016 Размер: 159.2 Кб
Кері кайту