30 Июня 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 22 және хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «Еркін Талғам» ЖШС СЗ;

Алматы қ., «Системотехника» ЖШС жылуды бұзылмайтын бақылау арқылы СЗ;

Алматы қ., «Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс зертханасы» ЖШС СЗ;

Ақтөбе қ., «Ақбұлақ» АҚ канализациядан тазаланған ғимараттың және ағынды судың сапасын бақылайтын СЗ;

Атырау қ., «Каспиймунайгаз» ҒЗИ» ЖШС ғылыми зертханалық сынақтар орталығы;

Петропавл қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің СЗ;

Петропавл қ., «Агро-Нан-Экс» ЖШС СЗ.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Ақсай қ., «Lamprell Kazakhstan (Лампрелл Казахстан)» ЖШС СТЗ;

Тараз қ., «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ СТЗ; 

 Қарағанды қ., «Арселор Миталл Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Энергоуголь»  Өндірістік басқармасының СТЗ;

 Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының СТЗ.

1.3 Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы.

2. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес Астана қ., «KazMedServiceGruop» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы ретінде  аккредиттелсін.

3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес Астана қ., «SAPA-A» фирмасы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган ретінде аккредиттелсін.

4. ГОСТ ISO/IEC 17021-2013 талаптарына сәйкес Атырау қ., «Центр Сертификации «Батыс Серт» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы ретінде аккредиттелсін.

5. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

5.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Орал қ.,  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының СТЗ.

5.2  аккредиттеу субъектісінің атының өзгеруіне байланысты:

Семей қ., «Қаражыра» ЖШС СЗ Семей қ., «Қаражыра» АҚ СЗ-на;

Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мамандандырылған өнеркәсіптік автоматика және метрология кәсіпорнының СТЗ Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазмысавтоматика» Жезқазған автоматика цехінің мамандандырылған кәсіпорнының СТЗ-на;

Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс-IT-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің Автоматика, телекоммуникация және ақпараттық жүйелер басқармасының мамандандырылған өнеркәсіптік автоматика және метрология кәсіпорнының Балқаш автоматика цехінің өлшеу құралдарын СТЗ  Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс-IT-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелер департаменті «Қазмысавтоматика» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш автоматика цехінің өлшеу құралдарын СТЗ-на.

5.3 Орналасқан жері өзгеруіне байланысты:

Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган;

Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.

6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

30062016 Размер: 577.1 Кб
Кері кайту