10 Июня 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 18 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы (бұдан әpi – СЗ немесе СО) ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 17025-2007 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Шалқар қ., «Қамқор Вагон» ЖШС «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехінің СЗ;

Шымкент қ., «Ел Стандарт» ЖШС-нің СЗ;

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Ақтау қ., «Казпромавтоматика» ЖШС-нің СТЗ;

Павлодар қ., «Ремсервис-Павлодар» ЖШС-нің СТЗ.

2. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» Инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасы ретінде  аккредиттелсін.

3. ГОСТ ISO/IEC 17021-2013 талаптарына сәйкес Алматы қ., «Rich consalting» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органы ретінде аккредиттелсін.

4. Аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын келесі жағдайлар бойынша  қайта рәсімделсін:

4.1 аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Астана қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының  СО;

Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның «Сынама палатасы» СЗ;

Қарағанды қ., «Тарту-Стандарт» сертификаттау орталығы» ЖШС-нің СТЗ;

Шымкент қ., «ЦЕННЕР-СУАН» ЖШС-нің СТЗ.

4.2  ҚP СТ ISO/IEC 17021-1-2015 стандартына көшуіне байланысты:

Астана қ., «Республиканский Центр Сертификации»  ЖШС-нің СРО.

5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

13062016 Размер: 3.6 Мб
Кері кайту